
Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында төрт қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыластарына жол берді. Осы орайда, қазақ жанкүйерлері төрешілердің әділетсіздігін алға тартты, деп жазады Sportbugin.kz.
Бокстан әлем біріншілігінің ширек финалында Ертуған Зейнуллино в (65 келі) Олимпиада чемпионы Асаходжа Муйдинходжаевқа, Бейбарыс Жексен (60 келі) тағы бір Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоковқа есе жіберді.
Алайда, жанкүйерлер төрешілер шешімімен келіскен жоқ. Олар қазақ боксшыларының ұпайын тартып алған төрешілерге шүйлікті.
«Мынау өтірік қой, енді. Жабыса беріп, ұтып кетті. Не сұмдық, мынау? 2-раундта қаншама соққы тиді?! Бір нокдаун ашпады ғой», — деп жазды танымал актер Асылхан Төлепов.
«Я в шоке! Екі мен үшті Асадқа бірауыздан бергені қалай болғаны? Дым да бітірмеді ғой. Ертуған тең де түспеді — таза ұтты. Бәлкім бірінші раунд тең деуге келер, бірақ екі мен үшті қалай қарасаң да, Ертуғанның жеңісін көресің», — деп жазды Ерасыл Қайыргелдин.
«Актерский состав пен «ай, молодец» ұтты», «Реферидің өзі қолын көтерді, бұл шатасқаны емес, мойындағаны», «Өзбектер шынымен де сатып алған екен. Біздікі жеңді, қуалап жүріп. Өзбек қашты, грязный бокс», «Ертуған 200% жеңді. Жалпы Өзбектер World Boxing басып алған-ау тағы да»,»Ертуған еркек!», «Мынаны ұтты деп комент жазып отырған өзбектер, дым намыстарың жоқ екен. Нұрбек, Сағындық ұтты деген жоқпыз. Мынау енді соқырлық. Жалпы өзбек халқына тіл тигізбеймін. Еркекше мойындау керек. Қазақ бауырымыз ұтты дейтін бір өзбек табылмады ма? 38 миллион халықтың арасынан?», — деп жазды жанкүйерлер.