
Белгілі спорт журналисі Алмас Манапов бокстағы көпшілік білмейтін ақпаратпен бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ол Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының кездесуі қарсаңында мұндағы мадельдардың сатылатыны жайлы айтты.
«Қайбір жылдары бокстан Өзбекстан чемпионатын барып көргенбіз. Сол кезде өзбек ағайындарының бокс басында жүргендермен тілдескенімізде, бокстағы жеребеден бастап, алтын медальға дейін сатылатынын естігенімде, жағамды ұстадым.
Кейін елдегі бокс функционерінен осы жайлы сұрағанымда, сол ақпаратты растады. Сондықтан тек боксшылар емес, басшылар да жұмыс істеу керек. Әйтпесе, жеңілгені — жеңілген. Бокста былық көп, тазалану үшін біраз уақыт керек секілді», — деп жазды Манапов.
Айта кетелік, Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында төрт қазақ боксшысы өзбек қарсыластарынан жеңіліп қалды.