
13 қыркүйек күні Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Еркін күрестен 6 дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаев бұл сыннан сырт қалады, деп жазады Sportbugin.kz.
Садулаев ең соңғы сәтке дейін Ресей құрамасының тізімінде болған. Алайда, спортшының виза мәселесі шешілген жоқ.
Абдулрашид бұған дейінгі әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарынан да виза берілмеуі салдарынан тыс қалған болатын.
Бұл салмақта Ресей намысын Еуропа чемпионы Магомед Курбанов қорайды. Бұл салмақта қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан өнер көрсетеді.