
13 қыркүйек күні Загребте күрестен әлем чемпионаты басталады. Осы орайда, Қазақстан күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға қатысты пікірін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Ризабек бауырымыз 92 келіде егемен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы атанып, КСРО кезінде болмаған тарихи нәтижені тіркеді.
Бірақ 97 келіде әлемдік сынды ұтып алады деп айта алмаймын. Өйткені, әлемде өте мықты саналатын 6-7 қарсыласы бар. Ризабекке өте ауыр болады. Тажудинов бар, одан басқа да мықты балуандар бар.
Егер Ризабек өзін көрсеткісі келсе, осы әлемдік сында барын салуы керек. Бүгінде оған министрлік тарапынан жеке дайындық жоспары берілді, жекелей қаражат бөлді. Бар жағдай жасалды. Енді қалғанының бәрі Ризабек өз қолында», — деді Тұрлыханов.