
Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков Ливерпульдегі әлем чемпионатына қатысты пікірін айтты. Ол Ертуған Зейнуллинов пен Асаходжа Муйдинходжаевтың кездесуіне тоқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
«Негізі, екінші раундтың шешімі күмәнді. Екінші раундты Ертуғанға беру керек еді. Сол кезде бүкіл жекпе-жек басқа арнаға бұрылатын еді. Зейнуллинов жақсы жұдырықтасты. Бұл жерде қарсыласының Олимпиада чемпионы екені де роль ойнады.
Бұл- ширек финал ғой. Ширек финалда осындай жағдайлар болып тұрады», — деді Буданбеков.