
Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Алуа 51 келі салмақтағы жартылай финалдық сында қытайлық боксшыны нокдаунға жіберіп, ұпай саны бойынша жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасында үшінші боксшымыз финалға шықты. Бұған дейін Аида Әбікеева мен Назым Қызайбай ақтық сынға өткен еді.