Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан бокстан ІВА әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев келесі айналымға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
67 келіде өнер көрсеткен Санатәлі 1/8 айналымда бразилиялық Кассио Сантос Оливейроны 5:0 есебімен жеңді.
Енді оның ширек финалдағы қарсыласы — Олимпиада және әлем чемпионы, өзбекстандық Асаходжа Муйдинходжаев. Асаходжа бұл кезеңде армениялық боксшыны 4:1 есебімен ұтқан.
Екі боксшының ширек финалдағы кездесуі бұл чемпионаттағы алғашқы «қазақ-өзбек» дербиі болмақ.
Санатәлі Олимпиада чемпионын жеңе ала ма? Пікіріңізді жаза кетіңіз.
