Бокстан Дубайдағы ІВА әлем чемпионатында Ерасыл Жакпеков жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Sportbugin.kz.
80 келі салмақта сынға түскен Ерасыл Жакпеков 1/8 айналымда ресейлік Джамболат Бизамовпен кездескен болатын.
Алғашқы раундта төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшыға берді. Екінші раундта Ерасыл Жакпеков 3:2 есебімен таразы басын теңестірді.
Үшінші раундта Ерасыл қарсыласын нокдаунға жіберіп, толассыз соққыларын дарытқан болатын.
Алайда, төрешілер ресейлік Бизамовтың қолын көтерді. Осылайша, әлем чемпионатында алғашқы қазақ боксшысы турнирді аяқтады.
