Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жалпы жиналысында үздік спортшылар мен сала ардагерлері марапатталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Іс-шарада Федерация президенті Еркін Оқасов спортшыларды жан-жақты қолдаудың және аға буынға құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали «Құрмет» орденімен марапатталып, Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер табысталды.
Сондай-ақ бірқатар балуанға мемлекеттік наградалар берілді. Нұрқожа Қайпанов «Құрмет» орденімен, 3 млн. теңгелік сертификатпен марапатталды.
Юрий Мельниченко Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына ие болды.
Федерация шешімімен соңғы жылдары жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ақшалай сыйақылар тағайындалды:
• Ризабек Айтмұхан — 3 000 000 теңге
• Жәмилә Бақбергенова — 2 000 000 теңге
• Шұғыла Өмірбек — 2 000 000 теңге
• Едіге Қасымбек — 2 000 000 теңге
• Мадхия Усманова — 1 000 000 теңге
• Қуанышбек Жанажол — 1 000 000 теңге
• Бекасыл Асамбек — 1 000 000 теңге
