Бокстан Қазақстан құрамасының үздігі Махмұд Сабырхан World Boxing нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бүгін әлемнің үздік боксшысын таңдауға арналған дауыс беру қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздар жанкүйерлердің лайк санымен анықталған. Ерлер арасында финалға өткен бес боксшының төртеуі 150 мыңнан аса лайк жинады.
Яғни, бәсекелестік өте жоғары болғанын байқауға болады. Махмұд Сабырхан жанкүйерлер тарапынан 323 000 лайк жинады.
Айта кетелік, ол екі дүркін әлем чемпионы және әлем кубогының жеңімпазы.
Фото: Olympic.kz
