UFC командасы Асу Алмабаевтың Мехикода өтетін жекпе-жегі қарсаңында арнайы Алматыға ұшып келді, деп жазады Sportbugin.kz.
«UFC командасы Алматы қаласына келді! Олар Асу Алмабаев туралы промо ролик түсіру үшін арнайы ұшып келді. Бұл ролик Мексика астанасында өтетін UFC Fight Night турнирінің алдында жарық көреді, онда Асу турнирдің басты жекпе-жегін өткізеді. Бұл — UFC тарихында Қазақстанға келген үшінші сапары!», — деп хабарлады Алмабаев өнер көрсететін DarTeam ұжымы.
Айта кетелік, Асу Алмабаев UFC-дегі кезекті жекпе-жегін Брэндон Мореноға қарсы өткізеді.
Кездесу 28 ақпанда ұйымдастырылмақ.
