Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова Парижде өтетін жылдың алғашқы Гранд-слэм додасына қатыспайды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл туралы Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Қален Қалиұлы мәлім етті.
«Париждегі Grand Slam турниріне қыздар командасы толық қатыспайды. Бапкерлер қыздардың биылғы маусымды Еуропа кубогынан бастағанын құп көріп отыр.
Ал Абиба Әбужақынова Ташкенттегі Grand Slam турнирінде бақ сынайды», — деді бапкер.
Айта кетелік, Париждегі Grand Slam турнирі 7-8 ақпанға жоспрланған. Ал Абиба Әбужақынова 48 келіде әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр.
