Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әке атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
21 жастағы балуанның тұңғыш қызы өмірге келді. Бұл туралы Ризабектің жұбайы әлеуметтік желіде бөлісті.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы еркін күрестен әлем чемпионы атанды.
Париж Олимпиадасы қарсаңында спортшы олимпиадалық салмаққа — 97 келіге ауысты. Қазіргі таңда Айтмұхан Астана қаласында жаттығады.
