Бокстан әлем және Азия чемпионы Абылайхан Жүсіпов қазіргі таңда ұлттық құраманың үздігі атануға лайық боксшыны атады. Бұл туралы ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Көшбасшылар командада көп. Әлем чемпиондары да көп, талантты спортшылар да көп.
Бірақ енді, қатты жаттығу жасап, беріле жұмыс істейтін боксшы деп Сабыржан Аққалықовты айтар едім. Бауырым, жерлесім деп бұрмалап жатқаным жоқ.
Алайда, жаттығу жасау жағынан барын салады деп Сабыржанды айтар едім», — деді Жүсіпов.
Айта кетелік, Абылайхан Жүсіпов 2024 жылғы Азия, 2025 жылғы әлем чемпионы.
