Америкада жаттығып жүрген қазақ балуаны Асылжан Есенгелді АҚШ-та боксшыларға қарағанда балуандардың танымал екенін айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«АҚШ-та күресті қатты бағалайды. Күрес туралы айтсақ, Тейлор мен Снайдерлер сияқты чемпиондарды қарапайым халық бірден танып жатады. Ал әуесқой бокстан ешкімді танымайды. Мұндағы жанкүйерлер тек кәсіби боксқа басымдық береді екен.
Кайл Снайдер менен: «Қазақстандағы ең танымал спорт не?», — деп сұрады. «Бокс», — деп жауап бердім. Ол бір күліп алды да: «Бізде күрес мықты», — деді.
Елге қарағанда, мені осы жақтағы жанкүйерлер танып жатады», — деді Асылжан.
Асылжан Есенгелді еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері.
