Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби рингке қайта оралмақшы. Бұл туралы Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына сұхбат берген Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Әуесқой бокстан ұлттық құрамада болған спортшылардан Қамшыбек кәсіби боксты жалғастырады. Бүгінде оған қызықты ұсыныстар түсіп жатыр. Қамшыбек бауырымыз Париж Олимпиадасынан кейін үзіліс алған болатын.
Қазіргі құрамадағы боксшылар ішінен Сәкен Бибосыновтың аяқ алысы жақсы. Сәкен кәдімгідей төселіп қалды, алға баса берсін», — деді Ерденбеков.
Айта кетейік, 2020-2022 жылдар аралығында Қоңқабаев кәсіби бокста бақ сынап көрген болатын.
Сұхбаттың толық нұсқасы 30 қаңтар күні Aqyrys Seitqazy YouTube арнасында жарияланады.
