Бразилиялық Диего Лопес UFC 325 турниріндегі жекпе-жек кезінде екі аяғын да сындырып алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы спортшының өкілі Джейсон Хаус хабарлады.
Лопес австралиялық Александр Волкановскиге қарсы өткен кездесуде екі аяғын да сындырып алған.
Аталған жекпе-жек төрешілердің бірыңғай шешімімен Волкановски жеңісімен аяқталды.
31 жастағы Диего Лопес аралас жекпе-жектен 35 кездесу өткізіп, оның 27-де жеңіске жеткен.
