Дзюдодан Парижде басталған Grand Slam турнирінде қазақ балуаны Аман Бақытжан қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақта белдескен Аман турнир барысында Франция, Бразилия және Словакия дзюдошыларынан басым түсті.
Жартылай финалда Аман украиналық Дильшод Халматовқа есе жіберді. Ал қола жүлде үшін өткен тартысты белдесуде кубалық Джонатон Чаронды ұтты.
Осылайша, Аман Бақытжан дзюдодағы беделді жарыстардың бірі — Париждегі Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді.
Бүгін татамиге шыққан Шерзод Давлатов, Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев және Есет Қуановтар жеңіліс тапты.
