Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
66 келіге дейінгі салмақта Ақылжан Жұбатқанов екінші кездесуінде Тәжікстан өкілі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нурали Эмомалиге есе жіберді. Бұған дейін ол Сальвадор спортшысы Диего Каликсты жеңген.
Ал Нұрқанат Серікбаев екінші айналымда жапондық әлем чемпионы әрі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Такеши Такеокаға жол берді. Ол алғашқы кездесуінде Алжир өкілі Кайс Мудетерені жеңген.
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз Шерзод Давлатов күміс жүлдегер атанды.
