Тұрсынғали Еділов Азия ойындарында 70 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған Төрехан Сабырханның жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportarena.kz. сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Бапкер Төреханға Азиадаға қатысуға мүмкіндік берген шешімнің дұрыс болғанын атап өтті.
«Жастарға көбірек сенім артып, оларға мүмкіндік беруіміз керек. Төреханға сенім артқаны дұрыс шешім болды. Бұл таңдау өзін толық ақтады. Жақсы спортшы жеңілістен де сабақ ала алады. Төреханда да дәл солай болды. Ол қателіктерін түзеп, Азия ойындарында жинақы өнер көрсетті.
Қазақстанда осындай спортшының бары қуантады. Төрехан Сабырхан секілді боксшылар жүз жылда бір туады», — деді Еділов.
