Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп жазады федерацияға сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Жиынға еліміздің әр өңірінен 80 балуан қатысып жатыр. Олардың дені құраманың негізгі спортшылары, ел чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін жас балуандар.
Aлғашқы жаттығулардың біріне Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы пен спорт директоры Жандос Сайқанов қатысып, балуандарға бапкерлер алқасын таныстырды.
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабы:
Бас жаттықтырушы — Данияр Қайсанов
Аға жаттықтырушы — Аслан Байғұлов
Жаттықтырушы — Нұрлан Бекжанов
Жаттықтырушы — Жігер Зәкіров
Жаттықтырушы — Камал Гаджимагомедов
Аслан Байғұлов ұзақ жылдар бойы Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырған.
Нұрлан Бекжанов 2016 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ардагерлер арасында екі дүркін әлем чемпионы.
Жігер Зәкіров ұзақ жылдар бойы еркін күрестен ел намысын қорғаған, Азия біріншілігінің жүлдегері.
Камал Гаджимагомедов — еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановтың жеке бапкері.
