
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ідіріс UFC-дің антидопинг ережесін бұзғаны үшін бір жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Ресми мәліметке сәйкес, спортшының ағзасынан гидрохлоротиазид препараты анықталған. Бұл — салмақ қуу кезінде қолданылатын диуретиктердің бірі.
Әліби аталған затты жекпе-жек аптасында салмақ дәрежесіне түсу мақсатында пайдаланғанын мойындады.
Осыған байланысты файтер 2026 жылдың 21 ақпанынан 2027 жылдың 21 ақпанына дейін октагонға шыға алмайды.
Айта кетейік, осы турнирде Ідіріс америкалық Оде Осборн спортшысын жеңген болатын. Алайда допинг дауына байланысты бұл жекпе-жектің нәтижесі қайта қаралуы мүмкін.
