
Дина Исламбекова — аса ауыр салмақта Азия чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz
Үнді боксшысымен алтынды сарапқа салған отандасымыз алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, басымдықты өз қолына алды.
Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетіп, құрлық додасының алтын жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұл әйелдер құрамасының Азия чемпионатындағы екінші алтыны.
