
Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы таеквондодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Ислам Медетбай қола жүлдегер атанды. Ислам сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жетіп, үздік үштіктен көрінді.
Осылайша, Ислам Медетбай Қазақстан құрамасына жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы екінші қола медальді сыйлады. Бұған дейін отандасымыз Ерасыл Ерзат та үшінші орын алған болатын.
