2026 жылғы 27 сәуірде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Скотт Муннды 2030 жылдың 12 шілдесіне дейін Бас хатшы қызметіне тағайындауды бекітті. Ол бұл міндетіне 2026 жылдың 13 шілдесінде кіріседі, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл — қазақ футболы тарихындағы ерекше шешім. Бұған дейін мұндай жоғары лауазымға Англия Премьер-лигасында тәжірибесі бар шетелдік маман тағайындалмаған.
Скотт Мунн федерациядағы реформаларды жалғастырып, төрешілік жүйені жетілдіру, инфрақұрылым мен академияларды дамыту, клубтарды басқару стандарттарын күшейту және халықаралық ұйымдармен байланысты нығайту бағытында жұмыс істейді.
