Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы вице-президенті қызметіне Садықов Нұраддин Рысбайұлы тағайындалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Нұраддин Садықов — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология мамандығы бойынша білім алған. Кейін Қазақ спорт және туризм академиясында “Дене шынықтыру және спорт” бағыты бойынша оқуын жалғастырды.
Бүгінде ол аралас жекпе-жек саласында OCTAGON лигасының негізін қалаушы әрі басшысы ретінде танылған.
Айта кетейік, соңғы уақытта күрес федерациясы күмәнді тағайындауларымен қоғам назарын жиі аударуда. Кейбір тағайындаулар сарапшылар мен жанкүйерлер арасында түрлі пікірталасқа себеп болды.
Бұған дейін “Жайдарман” ойындары арқылы танылған Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының медиа саласы бойынша вице-президенті болып тағайындалған еді.
Бұл тағайындау федерация басшылығы тарапынан оның аудиториясы кең, оқырман саны көп әрі ақпараттық тұрғыда оң әсер береді деген уәжбен түсіндірілген.
