Қазақстан әйелдер чемпионатының алғашқы турында Ақтөбе әйелдер футбол клубы айқын басымдық танытты. Ақтөбелік команда сырт алаңда Оқжетпес әйелдер клубы ұжымын 20:0 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Матчтың басты кейіпкері Морган Томас Рид болды — ол бір ойында 9 рет мергендігімен көзге түсті. Алина Литвиненко да нәтижелі ойын көрсетіп, 5 гол соқты. Сонымен қатар Аида Гайстенова, Екатерина Морозова, Аяка Камимура және Анастасия Власова да есепті ұлғайтуға өз үлестерін қосты. Бір гол қарсылас ойыншы Гүлназ Сайлаубекованың автоголы ретінде тіркелді.
Еске сала кетейік, «Ақтөбе» — Қазақстанның қазіргі чемпионы. Команда келесі кездесуін 5 мамыр күні өз алаңында Астана әйелдер футбол клубы қарсы өткізеді.
