Өзбекстан астанасында өтіп жатқан U15 мен U17 санатындағы бокстан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
U15 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Аян Бауыржан үндістандық Мехул Рананы екі рет нокдаунға түсіріп, жекпе-жек мерзімінен ерте аяқталды.
Осылайша, ол құрлық біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатына 21 елден 460-тан астам жас боксшы қатысуда.
