Халықаралық дзюдо федерациясы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Жаңа тізімде отандасымыз Елдос Сметов өз позициясын жақсартты, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сметов бір сатыға жоғарылап, 1710 ұпаймен 23-орынға көтерілді.
Ал тағы бір қазақстандық дзюдошы Магжан Шамшадин керісінше, төрт орынға төмендеп, 1485 ұпаймен 26-орынға түсті.
Рейтингтің үздік үштігінде көш басына ресейлік Аюб Блиев, екінші орынды франциялық Ромен Валадье-Пикар сақтап қалса, үшінші сатыда жапониялық Рюю Нагаяма тұр.
Айта кетейік, Елдос Сметов сәуір айында өзінің жаттығуға қайта кіріскенін хабарлаған болатын.
