Өзбекстанда туған танымал қазақ спортшыларының бестігін назарларыңызға ұсынамыз.
Бақыт Сәрсекбаев (боксшы) — Қазақстанда туғанымен оны кішкентай кезінен Өзбекстандағы Табақсай аулында тұратын әжесі тәрбиелеп өсірген.
12 жасынан бастап сол елде бокспен айналыса бастаған. 7 рет Өзбекстан чемпионы атанған. Елге оралып,
2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарының жартылай орта салмақ дәрежесінде чемпионы атанған.
Шавкат Рахмонов ufc файтері — Өзбекстанның Шурчи қаласында дүниеге келген. Шавкат 16 жасында тарихи отанына оралған. 2025 жылдың соңында жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде 2-орынға дейін көтерілді. Кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілмеген, 19 жеңіс, 0 жеңіліс. Оның 18-і мерзімінен бұрын (8 нокаут, 10 сабмишн) аяқталған.
Сәкен Бибосынов (боксшы) — Өзбекстанның Бостандық ауданында дүниеге келген. Ол 13 жасқа келгенде ата жұртқа оралған. Токио олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы. Мемлекет тарапынан спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.
Әбиба Әбужақынова (дзюдошы) — Әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Өзбекстанда дүниеге есігін ашқан ол 11 жасынан дзюдомен айналыса бастаған. Спортқа деген махаббат оны Ташкенттен Алматыға дейін жетеледі. Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының жүлдегері, Париж Олимпиадасының қатысушысы.
Аман Қонысбеков — Аман Қонысбеков Өзбекстанның Навои облысында дүниеге келген. 2024 жылдан бастап Қазақстанның намысын қорғауға шешім қабылдады. Жастар арасында Азия чемпионы атағы бар. Қазір Мырзағали Айтжановтың қарамағында жаттығады.
