Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының таеквондодан ұлттық құрамасы Қытай Халық Республикасында халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп жазады Sportbugin.kz.
Гуандун провинциясында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан 22 спортшы қатысуда. Жиынға Қазақстан құрамасынан бөлек, Тунис және Қытай ұлттық құрамалары қатысуда. Оқу-жаттығу жиыны 28 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады.
Аталған жиын аяқталғаннан кейін ұлттық құрама Азия чемпионатына соңғы дайындық кезеңін Қазақстан аумағында жалғастырады.
Ересектер арасындағы Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында 21–24 мамыр күндері өтеді.
