Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Әзербайжанда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп жазады федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
20 қаңтардан бастап спорттық гимнастикадан Қазақстан құрсмасы Бакуде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.
Оқу-жаттығу жиынының басты міндеті — Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасы сарапқа салынатын әлем кубогы кезеңдеріне, Азия чемпионатына дайындық жүргізу. Сонымен қатар, Милад Каримидің гимнастикалық кермедегі жаттығуын күрделендіру мен тұрақтылығын арттыруға жұмыс істеліп жатыр.
Әзербайжан құрамасымен бірге өткізіліп жатқан жаттығуы жиынына 6 спортшымыз қатысып жатыр: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров, Асан Сәлімов.
Бакудегі жиын 2 ақпанға дейін жалғасады.