Астанада өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде үш қазақ дзюдошысы қола медальді қолдан жіберіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қыздар арасында 52 келіде үшінші орынға таласқан Меруерт Сәрсенова ресейлік Лилия Нугаеваға жол берді.
Ерлер арасында 66 келі салмақта екі балуанымыз қола медаль үшін күрескен болатын. Өкінішке қарай, тәжірибелі Нұрқанат Серікбаев өзбекстандық жас балуан Анваржон Иброхимовтен жеңілді.
Ал жас спортшымыз Ақылжан Жұбатқанов ресейлік тәжірибелі балуан, Астанадағы Grand Slam турнирінің былтырғы жеңімпазы Рамазан Абдулаевқа есе жіберді.
Осылайша, турнирдің бірінші жарыс күнін қазақстандықтар 1 күміс, 1 қола медальмен аяқтады.
