Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде моңғол балуаны Сухбат Бямбасурен топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
25 жастағы спортшы 60 келі салмақта қарсылас шыдатқан жоқ. Бір қызығы, ол Астана татамиінде үш қазақ балуанының жауырынын жерге тигізді.
Ол алдымен Сұңғат Нұрлатұлын жеңді, жартылай финалда Шерзод Давлатовтан басым түсті.
Ал ақтық сында Талғат Орынбасарды «иппонмен» жеңді. Бұл Сухбаттың Grand Slam турнирлеріндегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол бір рет қола жүлдегер атанған.
