Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан кубогында грек-рим күресінің 72 келі салмақ дәрежесінің финалында Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибелі балуаны Данияр Қаленов пен Алматы облысының өкілі Мәди Данелов алтын жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Алғашқы кезеңде сылбыр күрескені үшін Данияр Қаленов ескерту алып, партерге түсті. Осы сәтті тиімді пайдаланған Мәди Данелов накат әдісін сәтті орындап, өз есебіне қосымша ұпай жазды.
Екінші кезеңде де Мәди белсенділігін бәсеңдетпей, қарсыласын кілем шетіне ығыстырып, тағы бір ұпай еншіледі.
Қорытынды есеп — 4:0.
Мәди Данелов Қазақстан кубогының жеңімпазы, ал Данияр Қаленов күміс жүлдегері атанды.
