Қазақстанда каратэден тұңғыш рет Премьер-лига турнирі өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Екі мың жиырма жетінші жылдың сәуір айында Астанада каратэден әлемдегі ең беделді рейтингтік жарыстардың бірі саналатын Премьер-лига турнирі өтеді.
Бұл додаға өз салмақ дәрежелері бойынша әлемдік рейтингтің ТОП-32 қатарына кіретін спортшылар ғана қатыса алады.
Мамыр айында Астанаға World Karate Federation өкілі арнайы келіп, оған қаланың спорт инфрақұрылымы, жарыс өтетін арена, қонақүйлер мен елорданың логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды. Сапар қорытындысы бойынша қаланың халықаралық деңгейдегі турнирді өткізуге дайындығы пен мүмкіндіктері жоғары бағаланды.
Қазіргі таңда World Karate Federation және Қазақстан каратэ федерациясы бірлесіп, Астанадағы турнирді ұйымдастыру жұмыстарына белсенді түрде кірісіп кетті.
