Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан кубогында грек-рим күресінің 60 келі салмақ дәрежесінің финалында тәжірибелі балуаны Айдос Сұлтанғали мен Ербол Камалиев алтын жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Финалдық белдесуде Айдос алғашқы сәттен-ақ қарқынды күрес көрсетіп, бірінші кезеңнің соңына қарай қарсыласын таза жеңді.
Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали —
грек-рим күресінен әлем және Азия чемпионы.
