Алматы қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан кубогында грек-рим күресінің 63 келі салмақ дәрежесінде Мейрамбек Айнағұлов жеңіске жетіп, алтын медаль иегері атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда Дәулет Аширханов мен Мейрамбек Айнағұлов өзара мықтыны анықтады.
Кездесу барысында Мейрамбек 0:2 есебімен қалып қойған еді. Алайда тәжірибелі балуан қарқынын үдетіп, екі ұпай еншілеп есепті теңестірді. Белдесудің аяқталуына небәрі 5 секунд қалғанда Айнағұлов қарсыласының аяғына сәтті өтіп, жеңіс әкелген ұпайды иеленді.
Осылайша, Мейрамбек Айнағұлов тартысқа толы финалда мінез көрсетіп, Қазақстан кубогінің чемпионы атанды.
