Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер күресінен 76 келі салмақта Гүлмарал Еркебаева алтын жүлдені иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда Еркебаева Қарағанды облысының өкілі Эльмира Сыздықовамен алтын жүлдені сарапқа салды. Тәжірибесі мол Сыздықова бұл салмақта басты фавориттердің бірі саналған еді.
Алайда Еркебаева алғашқы секундтардан белсенділік танытты. Қарсыласының шабуылына сәтті қарымта әдіс жасап, екі ұпай иеленді. Кейін челленджден кейін тағы бір ұпай алып, қарсыласын кілемнен ығыстырды. Белдесу барысында қарқынын бәсеңдетпеген Гүлмарал шешуші сәтте қарсыласын тушемен жеңіп, финалды мерзімінен бұрын аяқтады.
Айта кетейік, Гүлмарал Еркебаева 2026 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері.
