Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру түрлері бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Елизавета Матвеева биіктікке секіру сайысында 180 см нәтижесін көрсетіп, қола медаль иеленді.
Алтын жүлдені өзбекстандық Барнохон Сайфуллаева (183 см) жеңіп алды. Күміс медаль қытайлық Лю Цзявэньке (180 см) бұйырды.
Сондай-ақ, осы сында Надежда Дубовицкая тоғызыншы орын алды.
Ал ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова 13 сатыға тұрақтады.
19 мамырда жарыстың соңғы күнінде Қазақстан атынан тағы екі спортшы финалда өнер көрсетеді. Мария Ефремова үш қарғып секіруден сынға түссе, Полина Иванова сырықпен секіруден бақ сынайды.
Айта кетейік, құрлық біріншілігіне 19 елден 108 спортшы қатысып жатыр.
