Талдықорғанда өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының өкілі Любовь Ковальчук ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
+86 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы серпе көтеру жаттығуында 154 келіні еңсеріп, жаңа рекорд тіркеді.
Сондай-ақ, Любовь жұлқа көтеруде 116 келіні бағындырып, бұл жаттығуда алтын медаль иеленді.
Ал қоссайыс нәтижесі бойынша 270 келі көтеріп, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
