Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов екі жылдық үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралады. Дзюдошы Қытайда өтетін Гран-при турнирінде сынға түседі, деп жазады Sportbugin.kz.
26-28 маусым аралығында Қытайдың Циндао қаласы дзюдодан әлемдік Гран-при турнирін қабылдайды. Аталған сынға қатысатын спортшылар арасында әлем және Олимпиада чемпины Елдос Сметов те бар. Сметов Париж Олимпиадасынан кейін ешбір ресми жарыстарға қатысқан жоқ.
Сондай-ақ, отбасы құруына және жарақатына байланысты ұзақ үзіліс алған Абиба Әбужақынова да Қытайдағы Гран-приде күреседі.
Айта кетелік, әлемдік Гран-при турниріне Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы толық құраммен қатысады.
