Sportarena.kz тілшісі қазақстандық бокс үшін басты алты «ыңғайсыз қарсыласты» атады, деп жазады Sportbugin.kz.
Асадхужа Муйдинхужаев
Өткен жылы ол үш қазақстандықты ұтты: Ертуған Зейнуллиновді Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында даулы шешіммен, Айдос Тастаевты кәсіпқой рингте техникалық нокаутпен, ал Санатали Төлтаевты IBA әлем чемпионатында жеңді.
Турабек Хабибуллаев
2022 жылы Испаниядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалында Дәулет Төлемісовті жеңді. 2024 жылы Азия чемпионатының жартылай финалында Ерасыл Жақпековтен басым түсті. 2025 жылы Эйндховенде және Ливерпульдегі әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбайды екі рет жеңді.
Хасанбой Дусматов
2016 жылы Олимпиаданың ширек финалында Біржан Жақыповты жеңді. 2017 жылы Теміртас Жүсіпов пен Жомарт Ержаннан басым түсті. 2019 жылы Абай Қуандықов пен Олжас Байниязовты ұтты.
2021 жылы Сәкен Бибосынов оны әлем чемпионатында жеңген еді. Бірақ кейін Дусматов реванш алып, 2022 жылы Азия чемпионатының финалында және Азия ойындарында қайтадан басым болды. 2024 жылы Олимпиада ойындарында да Дусматов Бибосыновты жеңген болатын.
Жавохир Умматалиев
2024 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында Диас Молжігітовтен жеңілген. Кейін реванш алып, Тимур Нұрсейітов пен Нұрбек Оралбайды да жеңіп кетті. Ливерпульде 80 келіде әлем чемпионы атанды. Нұрбек 90 келіге ауысқандықтан, бұл салмақта оған қарсы тұратын қазақ боксшысы табыла ма деген сұрақ бар.
Акмалжон Исроилов
2025 жылы Бекзат Нұрдәулетовтен мерзімінен бұрын жеңілгеннен кейін Исроилов мүлде басқа деңгейге көтерілді. Алдымен Дәулет Төлемісовке есе жібергенімен, кейін IBA әлем біріншілігінде Төлемісовтен есе қайтарды. 2026 жылы да ол Strandja Cup турнирінде Сұлтанбек Айбарұлын жеңді.
Абдумалик Халоков
2023 жылы Оразбек Асылқұловқа жол берген еді. Ал 2025 жылы Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында Бейбарыс Жексенді жарыс жолынан шығарды. Қазір 60 келіге ауысқан Оразбек Асылқұлов пен Абдумалик Халоков арасындағы ықтимал реванш жақын уақытта болуы мүмкін.
