Алматыда күрес түрлерінен өткен Қазақстан кубогында Әлішер Ерғалидың грек-рим күресінен өнер көрсетуі көпшілікті таңқалдырды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері Қонысбек Кәрімұлының айтуынша, Әлішер енді еркін күреске оралмайды.
“Әлішер Ерғали толықтай грек-рим күресіне ауысты. Қазір осы бағытта жаттығып жүр. Қазақстан кубогында да өзін жақсы қырынан көрсетті”, — деді бас бапкер.
Айта кетейік, Әлішер Ерғали бұған дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі болған. Ол әлем чемпионатында жүлде алып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғаған тәжірибелі балуан саналады. Енді спортшы мансабын грек-рим күресінде жалғастырмақ.
