Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық көпсайыс бойынша күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандастарымыз жарыс қорытындысында 263.65 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Ел намысын Айбота Ертайқызы, Ақмарал Ерекешева, Аида Хакімжанова, Мадина Мырзабай, Жасмин Джунусбаева, Айзере Кеңес, Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады.
Бұл бағдарламада Өзбекстан құрамасы чемпион атанса, Қытай құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
