Вьетнамда күрес түрлерінен U23 және U17 жас санаттары бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен отандасымыз Майис Алиев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алиев финалда Қырғызстан өкілі Залкарбек Табалдиевті 10:8 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетелік, тағы бір отандасымыз 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Еламан Амангелді Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
