Люксембург қаласында таеквондодан өтіп жатқан “Luxembourg Open G-1” рейтингтік турнирінде Севостьянова Мария 57 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Мария жарыс барысында төрт жекпе-жек өткізді. Алғашқы кезеңдерде Германияның екі спортшысын жеңіп, жартылай финалда Бельгия өкілінен басым түсті.
Ал финалдық кездесуде жапониялық спортшыны жеңіп, турнир чемпионы атанды.
