Таеквондодан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Құрлық додасында Қазақстан құрамасы 4 қола жүлдеге қол жеткізіп, күзде өтетін Азия ойындарына берілетін 8 жолдаманың 7-еуін жеңіп алды.
Құраманың бас бапкері Есбол Сұлтанов жарыс қорытындысын бағалап, алдағы уақытта кемшіліктермен жұмыс жүргізілетінін айтты.
«Ұлан-Батырда күздегі Азия ойындарына мүмкін болған 8 жолдаманың 7-еуіне қол жеткіздік. Енді осы Азия чемпионатындағы нәтиже мен кемшіліктерді сараптап, түзеу үшін жұмыс істейміз», — деді бас бапкер.
