Бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжанов аймақтардағы бапкерлердің жалақысы мен еңбек жағдайына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы маман Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Сәтжановтың сөзінше, жоғары біліммен жұмысқа қабылданған жас бапкерлердің бастапқы жалақысы шамамен 117 мың теңгені құрайды.
«Бұл аздау болып тұр. Бірақ жақсы нәтиже көрсеткен мамандарға қосымша пайыздар қарастырылған. Мысалы, Қазақстан чемпионаты, Азия чемпионаты немесе әлем чемпионатындағы жетістіктерге байланысты үстемақылар беріледі. Егер бапкер өз жұмысын сапалы атқарса, жалақысы да жақсы болады», — деді.
