Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз төрт бағдарлама қорытындысы бойынша 113.65 ұпай жинады. Алтын медаль 115.10 ұпаймен өзбекстандық Тахмина Икромоваға бұйырса, қола жүлдені 112.40 ұпаймен тағы бір өзбекстандық гимнаст Наталья Усова иеленді.
Айта кетейік, Айбота өткен жылы Сингапурда өткен Азия чемпионатында таспа жаттығуынан чемпион атанған еді.
